Оның айтуынша, бүгінде қалада туристер ең көп баратын орындарда орналасқан 8 визит орталық жұмыс істейді. Олар Омарова, Панфилов, Зенков, Байтұрсынов, Тимирязев көшелерінде, Достық даңғылында және «Медеу» биік таулы спорт кешенінің аумағында орналасқан. Мұнда келушілер қаланың көрікті жерлері, экскурсиялық бағыттар, мәдени іс-шаралар және туристік өнімдер туралы толық ақпарат ала алады.
2026 жылдың 5 айында визит орталықтардың қызметіне 3 604 адам жүгінген. Оның 80%-ы, яғни 2 813-і шетелдік туристер болса, ішкі туристер — 791 адам.
— Визит-орталықтарды туристер үшін заманауи әрі қолайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа үлгіні әзірлеп жатырмыз. Бұл жұмыста әлемнің үздік тәжірибелері негізге алынды. туристік инфрақұрылымды дамыту тек ақпараттық қызметпен шектелмейді. Сонымен қатар әуе қатынасын кеңейту, қонақ үй желісін дамыту, тау инфрақұрылымын көркейту және жаңа туристік нысандар салу бағытында да жүйелі жұмыстар қолға алынған, — деді Ғалия Тоқсейітова.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы визит-орталықтар жаңа форматқа ауысуы мүмкін екенін жазғанбыз.