Жыл басынан бері иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс мемлекет меншігіне қабылданды

Фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның 4-еуі Қарағанды, 2-еуі Алматы және 1-еуі Павлодар облысында. 

Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.

«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай трансшекаралық су ресурстарын бөлу келісімін бекітуі мүмкін екенін жазған едік.