Бұл бір жыл бұрынғыдан 31%-ға көп. Сонымен қатар кейінгі екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Аталған қызметке сұраныс арта беретінін ескерсек, бұл көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін еді. Алайда бұлай болмады. Оның мәнін Бірінші кредиттік бюро сарапшылар түсіндірді.
«2021 жылы халыққа зейнетақы жинақтарын алуға, оның ішінде емделуге рұқсат берілді. Алғашында бұл стоматологиялық қызметтер нарығына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Дегенмен, БЖЗҚ-дан алуға болатын шекті сома көтерілгенге дейін сұраныс күрт өсті. Нәтижесінде 2022 жылдың бірінші тоқсанында күрт өскен тіс дәрігерлерінің табысы 65,2 млрд теңгені құрады», – деп атап өтті бюро сарапшылары.
Стоматологтар табысының тұрақты дерлік өсуін ішінара көрсетілетін қызметтер бағасының жылдам қымбаттауымен түсіндіруге болады. Мәселен, 2023 жылы бұл қызмет түрі 11,4%-ға қымбаттады. Бұл жалпы инфляциядан жоғары көрсеткіш.
«Айта кетейік, мемлекет халыққа стоматологиялық қызметке өте сирек көмек көрсетеді. Оның жалпы шығындардағы үлесі 9% құрайды», – деп жазды бюро.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың үшінші тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 32 млрд теңгеден астам сомаға кызмет көрсетті.
Қызметтердің негізгі көлемі, яғни 5,5 млрд теңгеден астамы бюджет қаражаты есебінен, 23 миллиарды – халықтан түскен қаражат және 3,3 млрд теңгеден астамы – кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.