Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
- Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға — 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға — 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға — 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға — 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға — әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедек жандарға зейнетақы мен жәрдемақыны бірдей алу құқығы беріле ме деген сауалға Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.