Бұны «Oʻzbekiston 24» телеарнасына сұхбат берген елдің Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяров мәлім етті. Сонымен қатар ведомство басшысы туыстар арасындағы неке мәселесі де өзекті болып тұрғанын айтты.
— Заманауи медицина жақын туыстар арасындағы неке туа біткен дерттерге себеп болатынын дәлелдеді, — деді Асилбек Худаяров.
Бұған қоса, министр босану жиілігін сақтамау жағдайларының көбейгеніне тоқталды. Оның айтуынша, көп әйел бір жылда екі рет бала көтеріп жатады. Ол аналар денсаулығының нашарлауына себеп болып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері 5 мыңнан астам қазақстандық Өзбекстанда ем алған. Сондай-ақ ресми Астана мен Ташкент денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге ниетті.