Жыл басынан елімізде қылмыс саны 8 пайызға азайды

Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан елімізде қылмыс саны 8 пайызға азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

– Жалпы, министрлік заң және тәртіп қағдиатын іске асыруды жалғастыруда. Бүгінде алдын алу жұмыстары күшейтілді. 2,3 млн әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Нәтижесінде жыл басынан беру қылмыстар саны 8 пайызға азайды. Оның ішінде интернет алаяқтық саны да төмендеді. Жалпы, қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды, - деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар министр «Таза Қазақстан» науқаны аясында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.

Бұған дейін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов заң бұзушыларды міндетті түрде жазалау қағидаты қамтамасыз етілетінін атап өткен болатын.