Жыл сайын 40 мың қазақстандық қатерлі ісікке шалдығады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда обырмен ауыратын науқастар саны үздіксіз артып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне жүгінсек, 2024 жылы 41 318 адамнан қатерлі ісік анықталып, тізімде тұрғандар саны 230 мыңнан асып кеткен.

Фото: ДСМ

Ал 2023 жылы 41 519 жағдай тіркелген, ол кезде тізімде 218 186 адам болған. Яғни, 1 жылда қатерлі ісікпен ауыратындар 5,9 пайызға өсіп отыр.

Былтыр дерт анықталған 41 318 адамның 5652-нен сүт безі обыры анықталған, ең көп кездесетін түрі де – сол. Екінші орында колоректалды обыр тұр, 4 029 адам шалдыққан. Үшінші орында өкпе обыры – 3 833 науқас. Келесі кезекте асқазан обыры (2907) мен жатыр мойны обыры (1921).

Бұған дейін Қазақстанда қатерлі ісіктің не себепті көбейіп жатқаны туралы талдау жазған едік.