Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник қатерлі ісіктің «жасарып» бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Елімізде балалар онкогематологиясына арналған 508 төсек-орын бар, 88 балалар онкогематологы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық бақылауында қатерлі ісіктің ремиссиясында 4 мыңға жуық бала байқалады. Жыл сайын балаларда 600-ге дейін қатерлі ісік анықталады», - деп деректер келтірде Вячеслав Дудник.
Осы брифингі барысында вице-министр жыл сайын 13 мыңнан астам қазақстандық қатерлі ісіктен көз жұматынын айтты. Жалпы, елімізде онкологияға шалдыққан 217 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұр.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.