Ғылым және жоғары білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жыл сайын 10 мың орындық жатақханамен қамту жоспарланып отыр.
«Бүгінде 4650 орындық 17 жатақхана іске қосылды. Атап айтқанда, Түркістан облысында 370 орындық 3 жатақхана, Жамбыл облысында 100 орындық жатақхана, Атырау облысында 490 орындық жатақхана, Павлодар облысында 189 орындық жатақхана, Алматыда 1040 орындық 4 жатақхана, Шымкентте 930 орындық 3 жатақхана, Астанада 3 жатақхана 1207 орындық, Қостанайда 324 орындық жатақхана бар», - деді Ақерке Абылайхан ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, министрлік өкілі жатақханамен қамтуда алдымен әлеуметтік осал топқа жататын және бірінші курс студенттеріне басымдық берілетінін атап өтті.
«Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі күшейтілді. 2024 жылы министрлік жатақханаға мұқтаж студенттерді толыққанды қамтамасыз ету және тұру үшін жағдай жасау бөлігінде жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптарды қайта қарады», - дейді ол.
Қазір ЖОО-ның 93 367 төсек-орындық 264 жеке жатақханасы бар. Тапшылықты жою үшін жеке студенттік жатақханалар мен шарттарды қоса алғанда, хостелдерді жалға алу практикасы іске қосылған. Бұл бағыттағы жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, жуырда Астанада 400 орынға арналған тағы бір жатақхана ашылды.