- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 460 мың оқушы орнына арналған 217 «Келешек мектебі» салынды. Оның 84-і ауылдық жерде орналасқан. Ұлттық жоба 12 апатты және 54 үш ауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешті. Соңғы 7 жылда елімізде 1 342 мектеп салынып, 5 мыңнан астам ауыл мектебі жаңғыртылды және 7 мыңнан астам заманауи пәндік кабинет ашылды. Қазір 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектеп салынып жатыр, 85-і биыл, қалған 16-сы 2027 жылы аяқталады. Салынып жатқан мектептің 56-сы ауылдық жерлерде орналасқанын ерекше атап өткім келеді, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, Президенттің биылғы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бес өңірдегі
21 нысан білім беру нысанын салу қарастырылған. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасып келеді. 2026 жылы 1 688 заманауи пәндік кабинет сатып алу жоспарланған. Бүгінде 1 375 кабинет алынды.
- 178 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде, оның 91-і ауыл мектебі. Бүгінде 133 мектепте жөндеу жұмысы аяқталды, - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, мектептердегі бейнебақылау жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу басталды.