«Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан, бюджетке артық салмақ түсірмеу үшін ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда ақылы жолдардың жалпы ұзындығы — 3 мың 200 шақырым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды», — деді ол.
Министр аталған қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалғанын атап өтті.
«Реконструкциядан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау үшін биыл жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 11 учаскеге кезең-кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр», — деді Марат Қарабаев.
Министрлік мәліметінше, жолаушылардан ақы алынатын жаңа жолдардың тізімі мынандай:
Қызылорда-Арал;
Ақтөбе-Орынбор;
Қостанай-Тройцк;
Қостанай-Денисовка;
Ақтау-Бейнеу;
Қандыағаш-Мақат;
Балқаш-Бурылбайтал;
Бурылбайтал-Шу;
Үшарал-Достық;
Қарағанды қаласының айналма жолы;
Тараз қаласының айналма жолы.