— Бұл нарық болғаннан кейін, оның құнына қатысты нақты айта алмаймын. Отын құны өседі деген бағдарлама жоқ. Баға ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады, — деді А. Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол биылғы ақпан айынан бастап бензин мен дизель отынына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын еске салды.
— Сондықтан қазір баға ішкі сұраныспен және тұтыну көлемі арқылы айқындалып жатыр, — деді министр.
Жыл басында елімізде бензин мен дизель бағасын мемлекет реттемеуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.