Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен таралған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын шағын несие келісімшарттарын жасаған.
- Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетіліп, бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделген.
Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болып, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық болған. Аталған заңсыз шағын несие ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген, - деп жазды департаменттен.
Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды. Соттың санкциясымен күдіктілердің өндірістік коммерциялық нысаны мен бір пәтеріне тыйым салынды.
Тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, БҚО-да алаяқтарға жәрдемдескен екі тұрғыннан 1,5 млн астам теңге өндірілді.