Өрт 25 қыркүйекте Құттығай батыр көшесі, № 15 мекенжайында орналасқан темір қабылдау пунктінің аумағында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын 17:48–де оқшауланды. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылған.
— Зардап шеккендер жоқ. Вагондардың ішінде ешқандай зат болмаған. Қызыл жалын жақын маңдағы ғимараттарға таралмаған, — деді ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 24 қыркүйекте Атыраудағы KPI зауытынан өрт шыққанын жаздық.