— Қазақстан халқының саны 20 миллион болды.
— Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 2020 жылдан бері алғаш рет — қатарынан үш рет азайтты.
Қазіргі деңгей — 15,75%.
— Қарашада инфляция 10,3% дейін төмендеді.
— 2023 жылдың соңына қарай экономикалық өсім шамамен 5% болады деп болжап отыр Үкімет.
— Күзде теңге айтарлықтай әлсіреді, бірақ жыл соңына қарай ол жағымды деңгейге қайта оралды.
Ұлттық банк 1 қаңтарға белгілеген доллар бағамы — 454,56 теңге, еуро құны — 502,24 теңге.
— Биылғы 10 айда экспорт өткен жылмен салыстырғанда төмен болды, бірақ қазан айында жағдай жақсара бастады. Шетелге жеткізілген тауар көлемі 6,9 млрд долларды құрады, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 9,5% жоғары.
— Жыл көлік өнеркәсібі үшін табысты болды, қаңтар-қарашада жеңіл автомобиль өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 37,6% жоғары болды.
— Астана мен Алматыда тұрғын үйлер қарқынды түрде пайдалануға берілді.
Елордада 11 айдағы жаңа пәтер саны 2023 жылмен салыстырғанда 77%-ға, оңтүстік мегаполисте 52%-ға өсті.