Жылыой ауданында санитарлық-химиялық зерттеулер үшін судың сынамасы алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жылыой ауданында талдама жасау үшін  су сынамалары алынды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алия Бекешеваның айтуынша, су құбырынан үш химиялық және үш микробиологиялық зерттеулер үшін сынама алынды. Бөтелкедегі судын сынама екі микробиологиялық және хмимиялық зерттеу үшін алынды. Қазір талдама жүргізіліп жатыр. 

– Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары суды пайдаланбастан бұрын оны тұндырып, қайнату қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсінік берді. Сондай-ақ, бөтелкедегі суды пайдалану керек. Тұтастай алғанда, барлық елді мекендердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қалыпты, бақылауда тұр. Медициналық көмек көрсету ұйымдастырылған, - деп атап өтті Ә. Бекешева.