«Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Қосымша дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылды. Барлық эвакуацияланған халықты дәрігерлер тексереді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, ауданда жедел желі іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар 7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.
Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басып, 2400 адам көшірілген болатын.
Қазіргі жағдайға байланысты Құлсары қаласына қосымша техникалар келіп жатыр.