Жылыой ауданында мектеп бітіретін 684 түлектің басым бөлігі ҰБТ тапсырады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Жылыой ауданында мектеп бітіретін 684 түлектің басым бөлігі ҰБТ тапсырады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарованың мәліметінше, мұнда жалпы білім беретін 20 орта мектеп бар. Мектептің дені Құлсары қаласында орналасқан. 

«Биыл мектеп бітіретін түлектердің басым бөлігі ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Қазір 617 түлек ҰБТ тапсыру үшін өтініш берді. Қазір олар мемлекеттік емтихандарды тапсырып жүр. Бір түлек денсаулығына байланысты Атырау облыстық білім басқармасының бұйрығымен мемлекеттік емтиханнан босатылды», -деді Гүлжансара Таңатарова.

Оның айтуынша, Жылыой ауданында 9-сыныпты бітіретін 1606 оқушы бар. Оқушылардың 30 пайызы оқуын колледждерде жалғастыруды шешім қабылдаған. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендер үшін 80 үй салуға 2,6 млрд теңге бөлінгенін жазған едік

Сондай-ақ, Құлсарыда жаңа тұрғын үйлердің қабырғасы қаланып жатқанын хабарлаған болатынбыз

Атырау облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жергілікті компаниялардан үш мердігер таңдалған. Жаңадан салынуға тиіс 80 үй «Қазақстан халқына» қоры бөлген қаржыға салынады. Ал, 20 үйдің құрылысы жергілікті бюджет есебінен бой көтереді. Қыркүйек айында 100 үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. Қазір құрылыс жұмысына 100 құрылысшы маман, 50 техника тартылған.