— Биыл біз 620 МВт энергия көлемін іске қосамыз: оның 166 МВт дәстүрлі энергетика, «Тұлпар» электростансасында 130 МВт, Текелі Жылу орталығында 36 МВт. Оған қосымша жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісін (455 МВт) биыл іске қосамыз. Барлық жоба бақылауда, — деді ол Үкімет отырысында.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында өткен жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелесі талқыланып жатыр.