Жылу маусымына дайындық: Ақтөбеде биыл 4 шақырым құбыр ауыстырылады

Фото: Фото: Валерий Бугаев

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде 12-16 мамыр күндері ыстық су болмайды. Өңірде жылу маусымына дайындық басталды.

Ақтөбеде 12-14 мамыр аралығында гидравликалық сынақ өтеді. Сонымен бірге Ақтөбе жылу электр орталығында екі күн жөндеу жүреді. Барлығы 5 күн қалады ыстық су беру тоқтатылады. 

— Биыл жылу маусымында ірі апаттар болмады. Барлығы 19 дерек тіркеліп, дер кезінде жөнделді. Былтырғына қарағанда биыл апат аз болды. Енді 30-ға жуық нысанда 4 шақырым құбыр жаңартылады. Жалпы коммуналдық мекемеде 262 шақырым жылу желісі, 27 қазандық бар. Қазіргі кезде құбырдың 59% тозып тұр, — деді «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ бас инженері Олжас Мектепбай. 

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында жылу 20 сәуірден бастап сөндірілді. Алдымен тұрғын үйлерден басталды.