Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихаты барысында ол жаңа функцияны Baspana Hub платформасында енгізу жоспарланғанын айтты. Аталған платформа тұрғын үйге қатысты негізгі қызметтердің барлығын біріктіреді. Пайдаланушылар осы платформа арқылы жылжымайтын мүлік іздеп, ол туралы қажетті ақпаратты ала алады.
— Сонымен қатар платформада жылжымайтын мүлікті токенизациялау функциясын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл азаматтарға пәтерді толық сатып алмай-ақ, оның белгілі бір үлесіне инвестиция салуға мүмкіндік береді, — деді Ғиззат Байтұрсынов.
Оның айтуынша, қазір бұл модельді реттеу, банктермен интеграциялау және платформаның сервистерін кеңейту мәселелері пысықталып жатыр.
Бұған дейін QR-төлемдерді ҚҚС-тан босату мәселесі пысықталып жатқанын жаздық.