«Жинақ банкі» АҚ ЕБ үшін мерейтой жылы Қазақстанның оңтүстігінде жаңа филиалдың ашылуынан басталды
Оңтүстік Қазақстан облысының іскер адамдары мен бизнес қауымдастығына Жинақ банкінің және оның қызметтерінің тұсаукесерін өткізу үшін «Жинақ банкі» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Олег Смирнов келді. Салтанатты ашылу мерекесіне сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Е.К. Айтаханов, Шымкент қаласының әкімі А.Ш.Жетпісбаев және тағы басқа ресми тұлғалар қатысты.
«Шымкент - инфрақұрылымы жақсы дамыған Қазақстанның жетекші өндіріс және экономикалық орталықтарының бірі. Және мұнда Жинақ банкі филиалының болуы біз үшін маңызды стратегиялық мәні бар, біз филиалдық желіні толық ауқымды кеңейтуді жалғастырудамыз, - дейді «Жинақ банкі» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Олег Cмирнов. - Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі-түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай және азық-түлік өндірісі белсенді дамуда, шағын және орта бизнес те ұлғайып келеді. Бұл салалардың барлығы жедел және сапалы банктік қызметті, инвестицияларды талап етеді. Осының бәрін аймақтың кәсіпорындары мен тұрғындарына жаңа халықаралық тұрпатта орындалған Жинақ банкінің жаңа филиалы ұсынуға дайын.
Интерьер - бұл компанияның визит карточкасы, корпоративтік мәдениет бейнесі. Сондай-ақ ол оның аумаққа қатыстылығын да білдіруі тиіс. Осыған орай, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақстандық дәстүрлерді өзекті еуропалық минимализммен үйлестіру ең сәтті шешім болды. Бұның барлығы банктің корпоративтік түстерімен шектеліп келісілген, ал біздің мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз офис қабырғаларындағы мәтін тұрпатында жазылған.
Сонымен, осы жердің салт-дәстүрлеріне деген құрмет және банктің корпоративтік стилі, оның серпінділігі, үнемі алға қозғалысы және жаңашыл көзқарасы үйлесетін қазақстандық Жинақ банкінің қайталанбас интерьері болды. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы Жинақ банкінің маңызды ерекшеліктерінің бірі - қонақжайлы және жайлы ортаны білдіреді.
Біздің кеңсенің бүкіл интерьері ең заманауи материалдардан орындалды, ол оның бүгін, ертең және арғы күні көкейкесті болатынын сенімділікпен айтуға болады.
Жинақ банкінің Шымкент қаласындағы Орталық офисі банктік қызмет көрсетудің ең заманауи стандарттарына сәйкес келеді деп сенімділікпен айта аламын: кең және жайлы операциялық зал, клиенттер үшін қолайлы аймақтар және, ең бастысы, жеке және заңды тұлғаларға тез және сапалы қызмет көрсету».
Шымкент қаласында банктің филиалын ашу шегінде, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар агроөнеркәсіптік секторындағы, қайта өңдеу, өндіру және басқа да аймақтың өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сонымен қатар шағын және орта бизнесті кредиттеу, болашағы бар өнеркәсіп кәсіпорындарын кредиттеу, ақпаратты технологияларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлесіп жобалар жасауға келісті. Облыстың экспортер-кәсіпорындарына және әлеуметті маңызы бар жобаларына ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күнде «Жинақ банкі» Қазақстан аумағындағы ең серпінді дамып келе жатқан банк болып табылады. Банктің кредиттік портфелі республика ішінде 100% орналасқан, осы қаражаттың 95% тек қана қазақстандық шаруашылық субъектілеріне берілді.
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы. 2010 жылы бағдарлама шегінде банкке 22 өтінім берілген, оның ішінде жобалардың 4,9 млрд. теңгеден астатын жалпы сомасымен 8 өтінім жүзеге асты.
Жинақ банкі - өз дамуындағы тұрақты қаржы институты және қазақстандық қаржы нарығында жұмыс атқарған кезінде өзін өте жақсы жағынан көрсете білді. Қызметкерлердің кәсіпқойлығы, көп жылғы дәстүр, тәжірибе, клиенттер мен серіктестердің сенімділігі Жинақ банкінің келешекке сеніммен қарауына және қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.