ЖІӨ-дегі Батыс Қазақстан облысының үлесі 5,6 пайызды құрайды
11:25, 16 Қазан 2013
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі Батыс Қазақстан облысының үлесі 5,6 пайызды құрайды.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы қаңтар-тамызда республика көлеміндегі өңір өнеркәсібі өнімінің үлесі 9 пайызды құрады. Бұдан бөлек республикалық көлемдегі өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 4,7 пайыз деңгейінде болды.
«2012 жылдың нәтижесі бойынша жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 700 млрд теңгеге жетті. Бұл жан басына шаққанда 2 млн. 800 мың теңгені құрайды және ол республикалық көрсеткіштен 1,5 есеге артық»,-деді облыс әкімі.