Жітіқарада өртенген кір жуғыш мәшиненің жанынан егде әйелдің денесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жітіқара қаласында кір жуатын машина өртеніп, бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Жітіқара қаласындағы бесқабатты үйде болған.

«Асханада тұрған кір жуғыш машина өртеніп, қызыл жалын 1 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар келгенше өртті көршілер сөндірген. Кір жуатын машинаның жанынан 1950 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Оның үй иесі екені анықталды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Кісі өлімі мен өрттің нақты себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.