Еске салсақ, қайғылы оқиға 14 қазан күні Жітіқарадағы Уәлиханов-Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған.
«Лада» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі 36, 55, 51 жастағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Ауыр дене жарақаты салдарынан 51, 55 жастағы облыс тұрғындары қаза тапқан еді.
«Жітіқара аудандық ауруханасына ауыр халде жеткізілген үшінші зардап шегуші де көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан қашып кетпекші болған күдікті ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша айыпталуда.