Бұл туралы бүгін «жиырмалық» саммитінен кейін қорытынды баспасөз мәслихатында РФ Президенті Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Лос-Кабоста талқыланған тақырыптар нәтижесіз қалмайды, ол алдағы Ресейдің «жиырмалыққа» төрағалық етуі барысында іске асырылатын болады», - деді В. Путин. «Жалпы алғанда біз форум жұмысының сабақтастығын сақтап қалуды көздеп отырмыз, сондай-ақ мәселелерді шешу үшін құрылған «жиырмалықтың» өзекті тақырыптарына көңіл бөліп, ден қоюға мүдделіміз», - деді ол.