ЖҚҚМИ инспекторлары әйелді жол бекетінде босандырып алды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - ЖҚҚМИ қызметкерлеріне жол бекетінде әйелді босандырып алуға тура келді. Оқыс оқиға Мәскеу-Волгоград федералды трассасының бойында орын алған.

«Жоғары жылдамдықпен бекетке келіп тоқтаған Ford автокөлігінен жүргізуші жүгіре шығып, инспекторларға көлік салонында оның әйелі толғатып, босанғалы жатқанын және оны перзентханаға апарып үлгермейтінін айтқан. Әйелді Денис Грабов пен Евгений Перфилов аман-есен босандырып алды», - деп мәлім етті ИТАР-ТАСС агентігіне Ресейдің ІІМ ММ Волгоград облысы бойынша ЖҚҚМИ баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері шұғыл дәрігерлерді шақырған. 10 минут өткен соң көліктің ішінде сәбидің шырылдаған даусы естіліп, дүниеге қыз бала келді. Көп ұзамай жеткен медицина бригадасының қызметкерлері жаңа босанған әйелді сәбиімен перзентханаға алып кетті. Онда әлгі әйел тағы бір сәбиді, бұл жолы ұл баланы дүниеге әкелді.