Еліміздің жолдарында 5 136 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 7 139 адам зардап шеккен, ал өткен жылдың 4 айында 5311 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 7 186 адамның денсаулығына зақым келген.
Дегенмен жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алушылардың саны да биыл біршама төмендегені байқалады.
Барлық ЖКО-ның 32 пайызы Алматы қаласында болып отыр,соның өзінде 2015 жылы осы қалада жол-көлік оқиғалары азайып, 1 655-ті құрады. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан болып отыр, онда 67 ЖКО орын алған.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды 166 (198) облыстарында ЖКО азайған. Ал Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ЖКО-ның біршама өсуі байқалды.
ЖКО нәтижесінде жарақат алғандар саны бойынша да Алматы қаласы алдыңғы орында, алайда мұндағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Сондай-ақ, ЖКО салдарынан Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында жарақат алған адамдардың саны азайып келеді.
Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз қалып отыр. Бұрынғысынша ЖКО көбінесе немесе 90 пайызы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, жүргізушілердің кінәсінен 4 836 жол апаты болған, оның ішінде 139 жүргізуші алкогольге масайған немесе есірткіге елтіген күйінде болған.