деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша бұл орталықты басқарғанына бір жыл да толмаған. «Ағымдағы жылдың наурыз айында орталықтың қаржылық ісінде келіспеушілік барын анықтап, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне сұрау салып, Недопекина Татьяна Борисовна жасаған төлемдердің көшірмелерін алдым», дейді В. Слесарев.
Құрылған комиссия құжаттарды салыстырып тексергенде бюджеттік қаржының 7,5 миллион теңгесі қолды болғанын анықтаған. «Тексеру нәтижесі бойынша бұл іс жалған құжат негізінде, менің атыммен жасалғаны анықталды. Бас есепші жұмыстан шектетіліп, қол қою құқығынан айырылды. Мен өз тарапымнан ұрланған ақшаның мекеме бюджетіне қайтарылуына бар күшімді салдым, соның нәтижесінде ұрланған қаржының басым бөлігі қайтарылды, бірақ та Татьяна Недопекина әлі 198 мың теңгені қайтаруы керек», деп атап өтті ол.
Қазіргі кезде орталықта прокуратураның екінші комиссиясы жұмыс жасап жатыр, олар Владимир Слесаревтың басшылыққа келмей тұрғанда орын алған заңбұзушылықты анықтап жатыр.
«Менің ойымша, мен жайлы дүрлікпе әңгімелер осы орталыққа басшылықта отырғанымда жұмысты күшейту үшін іске асырған қайта құрылымдау жұмыстары салдары мен кейбір қызметкерлерді жұмыс талабына сай келмегендіктен қызметінен босатқандығымнан туындап отыр», дейді Владимир Слесарев.
Сондай-ақ ол қызметінен аластатылғанына қайран қалғанын және қызмет бабы бойынша абыройына нұқсан келмеуін қалайтынын жеткізді.