ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 25 мамыр №675 Астана, Үкімет Үйі
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.