АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Жобаларға инвестиция тарту жөнінен Қазақтан ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иеленеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Financial Times-тің зерттеушілер мен қаржы сарапшыларынан құралған «fDi Intelligence» жұмыс тобының «Қазақстанға тікелей тартылған шетелдік инвестициялар туралы» таныстырылымы барысында FDI Markets өкілі Инна Шлепина айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Қазақстанға Ресей, АҚШ, Қытайдан тартылған инвестициялардың үлесі басым. «2003 жылдан бері қазақстандық инвесторлардың қаржылары көбінесе Ресей, Украина, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстанға бағытталып келеді», деді сарапшы.