Осы аптаның басында 4 альпинист пен 2 жол көрсетушіден тұратын топ Рейнир жанартауының басына аттанған болатын. Жоспар бойынша олар жұма күні қайтып оралуы тиіс еді. Алайда, сапардың үшінші күнінен бері альпинистермен байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстарына аймақтағы қар көшкіні кедергі етуде. Құтқарушылардың пайымдауынша, жоғалған азаматтардың тірі қалуы екіталай.
16:22, 01 Маусым 2014
Жоғалған альпинисттер іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі Сиэтл қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кеткен альпинисттерді іздестіріп жатыр, деп жазады 24.kz.