Жоғалған алматылық келіншектің SIM-картасы Ресейде болып шықты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еріктілер мен полиция 28 жастағы екі баланың анасын іздестіріп жатыр. Ольга Городецкаяның SIM-картасы Ресей Федерациясының аумағында екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғам қауіпсіздігі күзеті» еріктілер ұйымының басшысы Ислам Угушев 14 күн ішінде қандай жұмыс атқарылғанын айтты.

«14 күн ішінде келіншекті іздеуге 10 ерікті қатысты. 30 алматылық азамат, басқа өңірлердегі 50 азамат өз еріктерімен іздеу шараларына атсалысты. Алматыда Ольгаға сырт келбеті ұқсас 100 адам тексерілді. Барлық қоғамдық орындар қаралды», - деді Ислам Угушев.

Оның айтуынша, Ольганың телефоны бойынша соңғы рет Ресей территориясында болғаны анықталған.

«Телефон карталары Ресейде екені анықталды. Бірақ Ольга Қазақстаннан шықпаған. Бұл да құжат арқылы расталды», - деді И.Угушев.

Келіншектің артында 5 және 3 жастағы бүлдіршіндері қалған. Жақындары 28 жастағы Ольганың балаларын тастап, сонша ұзаққа кетуі мүмкін емес дейді.

Ольга Городецкая 4 қазанда жұмысқа кеткен. Сол күні кешке 19:00-де байланысқа шыққан.

Сонымен қатар қаладағы камералар арқылы Ольга Сейфуллин Мәметова көшелері қиылысындағы Мега сауда үйіне аралағаны белгілі болды. Сауда орнынан шыққан соң келіншек Байтұрсынов көшесіне қарай бағыт алған. Содан із-түзсіз жоғалды.

Соңғы жаңалықтар