Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеуді аяқтағаннан кейін, ол көлікке түсу кезінде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алды. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, шамалы қар көшкіні түсіп, зардап шегушіні құлатып, «Проходная» өзеніне қарай алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қаңтарда сағат 5.00 шамасында ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ 2 автомобиль техникасымен құтқаруға шықты.

«РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді. Одан бөлек, бірнеше еріктілер ұйымдары, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, туристті Проходное шатқалына тасымалдауды бастады. Тасымалдау аяқталғаннан кейін зардап шегуші АМО бригадасына берілді», - деп жазды ТЖМ-нан.



Фото: ТЖМ баспасөз қызметі