Дабылдар ақауларды іздеу жүйесінен шықты, бірақ техникалық ақаулар туралы толық ақпарат ақыры анықталмады. Еске сала кетейік, ішінде 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі бар "Малайзиялық авиажүйлердің" Boeing 777-200 ұшағымен байланыс 7 наурыз күні Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін екі сағаттан соң үзілді. Қазіргі уақытта лайнерді Малайзия, Қытай, Сингапур, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Үндістан және АҚШ елдерінің авиациялары мен кемелері жұмыла іздеуде.
00:40, 14 Наурыз 2014
Жоғалған Boeing-тан шыққан дабылдар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс жер серіктері із-түзсіз жоғалған малайзиялық Boeing 777-200 ұшағынан шыққан әлсіз электронды дабылдарды тіркеді. Алайда бұл дабылдар арқылы оның қазір қайда және қандай күйде екенін анықтау мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.