Бұл, осымен, "үміт отын ұялатып отырған" үшінші суреттер топтамасы. Аталған аймақта халықаралық деңгейде ұшақты іздестіру шараларын үйлестірумен Австралия айналысып жатыр.
Бүгін Австралия премьер-министрі Тонни Эбботт «ұшақты табуға деген үміт ұлғая түсті» деп мәлімдеді.
Наурыздың 8-і күні Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.
Ұшақты іздестіруге қазір 25 мемлекет қатысып отыр.