Бұл туралы Австралияның теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігі қызметінен хабарлады.
Оның мәліметтеріне қарағанда, Австралияның батыс жағалауынан шамамен 1,8 мың шақырым орналасқан ауданда 10 кеме, соның ішінде жеті қытай кемесі бар. Соңғы бірнеше күн бойы ұшақтардың экипаж мүшелері байқап қалған бірнеше сынықтар судан шығарылды. Алайда олардың «Малайзия әуежелілерінің» лайнеріне қатысы жоқ.
Бұл аудан 319 мың шақырым солтүстікке қарай - мұхит кеңістігінде Оңтүстік жарты шарда 40 пен 50 градус аралығында теңіз дауылы жиі болмайтын жерде. Іздеу аймағындағы ауа райы әлдеқайда қолайлы, ол жұмысты жеңілдетері сөзсіз. Алайда сол жерде кеме бағыты жандана түскен және суда қоқыс өте көп.
Мұхиттың осы бөлігіне «Ocean Shield» австралиялық кемесі жіберілді. Оның бортында АҚШ-тан жеткізілген жоғары сезгіш қасиетке ие гидролокатор бар. Ол 6 мың метрден астам тереңдікте ұшақтың «қара жәшігін» есту қабілетіне ие.
Мамандар осы жаңа құрылғыға ерекше үміт артып отыр. «Бәрі іздеу аймақтарын барынша азайтуға байланысты», - деп ескертті гидролокаторды басқаратын АҚШ-тың ӘТҚ капитаны Марк Мэтьюз. - Шамасы, бүкіл Үнді мұхитынан іздейтін шығармыз».
Малайзия компаниясына тиесілі лайнер «Куала-Лумпур-Бейжің» бағыты бойынша рейске 7 наурыз күні шыққан. Оның бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Ұшақпен байланыс ол Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін екі сағат өткесін үзілген