Мумияны Монс қаласында аукционға қойған. Бұл мумия Бельгия астанасы Брюссельдегі мұражайға тиесілі. Ол қырық жыл бұрын жоғалған.
Мумияға қатысты соңғы іс-әрекеттер жетпісінші жылдары жасалған. Ол кезде оларды зерттеу жүргізу үшін Брюссель қаласының екі дәрігеріне тапсырған. Дәрігерлер бір мумияны мүшелеп, екіншісін рентген сынақтарынан өткізді. Зерттеу қорытындылары 1973 ж. басылымдарда жарияланды. Белгісіз жағдайларға байланысты олар мумияны мұражайға қайтармаған.
Жоғалған мумияны жетпісінші жылдары зерттеу жүргізген дәрігердің 60 жастағы ұлы сатпақ болыпты. Ол мумияны аукциондағы саудаға қойған.
Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, өйткені құжат бойынша экспонат зерттеуге тапсырылған, деп жазады planet-today.ru.