Блоктың айтуынша, Джинджер калифорниялық Новато қаласындағы өз дүкенінің жанында екі айға жуық тамақтандырған Рика Бенсонның арқасында табылған. Бір күні Бенсон мысықты тексеруге апарғысы келеді, Marin Humane Society қызметкерлері Джинджерден микрочип тапты. Персонал мысық иелері - Нэнси және Стивен Пэйнмен хабарласады. Сөйтіп Джинджер иесімен табысты. Блок атап өткендей, Джинджер кішкентай кезінде үйінен Новатоға қашып кеткен. Marin Humane Society баспасөз хатшысының атап өтуінше, мысықтың сегіз жылдан кейін иесімен табысуы жануарларды қорғау орны үшін рекорд болып табылдады.
07:59, 08 Желтоқсан 2015
Жоғалған мысық сегіз жылдан соң иесімен табысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та сегіз жыл бұрын жоғалып кеткен Джинджер атты сары мысық иесімен табысты. Бұл туралы Marin Humane Society жануарларды қорғау үйінің баспасөз хатшысы Лизу Блокқа сілтеме жасап Associated Press хабарлады.