Жоғалған отбасы табылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен отбасы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлыорганның хабарлауынша, отбасы Алматы облысына демалуға кеткен.

«Жоғалыпкеткен отбасы мүшелері туғандарымен байланысқа шықты. Бәрі жақсы. Нақтырақақпаратты бірнеше сағаттан соң, тексеруден кейін жариялаймыз», - деді Полиция департаментінен.

Бүтін біротбасының хабарсыз кеткені туралы бүгін жазған болатынбыз.