Бұл туралы жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын еріктілер қоғамдық ұйымының жетекшісі Ислам Угушев фэйсбуктегі парақшасында айтты.
«Құқық қорғау органдарының және Константин Авершиннің, біздің ұйымның күшімен Арман аман-есен табылды. Баланың жағдайы жақсы, қосымша мәліметтер кейін жарияланады», - деді Ислам Угушев.
Айта кету керек, 6 маусымда 22 жастағы алматылық студент жоғалып кеткен болатын. Арман Нұржанұлы 1-2 күнде диплом қорғайын деп отырған еді.