«Солтүстік Қазақстанда бірнеше күн бойы жоғалыпкеткен Петропавл қаласының тұрғыны іздестірілген болатын. 7 тамыз күні таңертеңЕсіл өзеніне жақын тоғаннан 1990 жылы туған Салықов Сағындық Ерденұлының денесітабылды. Мәйітте ешқандай жарақат белгісі жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамағажөнелтілді», - делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Жас жігіт 3 тамыздажоғалып кеткені хабарланып отыр. Соңғы рет Хименко– Жағалау көшесіндегі саудаүйінің камерасына жас жігіттің Есіл өзеніне беттеп бара жатқаны түсіп қалған.