Жоғалып кеткен Тахмина Емероваға туысқандары «қайда екеніңді айт» деген сыңайда үздіксіз смс хаттар жіберіп отырған.
«Ол байланысқа өзі шықты, біз хабарламалар жеткенін көрдік. Біраздан кейін өзі телефон шалып қайда жүргенін және жағдайының жақсы екендігін айтты», - дейді Тахминаның туыстары.
Оның жоғалып кету себептерін жақындары жариялағылары келмеді және іздеуге қатысқандардың барлығына өз алғыстарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 41 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жоғалып кеткендігі жарияланған. 4 сәуірден бері одан ешқандай хабар болмаған.