Жоғалып кеткен балықшылар тірі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сахалин облысының Поронайск ауданында балық аулауға аттанған күйі хабар-ошарсыз кеткен бес адам үйлеріне аман-есен оралды, деп хабарлайды аймақтық ТЖМ МБ баспасөз қызметінен.

«Дүйсенбі күні сахалин уақытымен 23:50-те бес балықшы қарда жүргіш көлікпен Поранайскіге оралды»,-делінген хабарламада.

Олар 3 сәуірде осы аумақтағы Владимирово өзеніне балық аулауға аттанған. Бірақ жексенбіге дейін келмеген. Дүйсенбіде олардың туыстары ТЖМ-ға көмекке жүгінді. Сол күні іздеуге бір топ құтқарушы шұғыл аттанған болатын, деп хабарлайды "Интерфакс".