Жоғалып кеткен қостанайлық оқушы дүкенде жүрген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен қостанайлық жасөсіпірім табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін полицияға ер адам хабарласып, «Қостанай Плаза» сауда дүкені маңынан іздеу салынған оқушыға ұқсас баланы көргенін айтқан.

«Полицейлер оқиға орнына барып, баланың  Николай Шенкель екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқушы ата-анасына тапсырылды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, 2004 жылы туған Николай Шенкель кеше Қостанайдағы Әл-Фараби көшесіндегі үйінен шығып кеткен болатын.