Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, содан оралмаған.
«Жоғалып кеткен ер адам Аманқарағай ауылындағы теміржол бойынан табылды. Орманда адасып қалған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, 73 жастағы зейнеткерді іздеу үшін полицейлер мобильді топ құрған. Іздеу жұмыстарына волонтерлер де атсалысты.