Із-түзсіз жоғалған Михаилдың туыстары барша қостанайлықтардан көмек сұрайды. Өз кезегінде анасы ұлына бейнежазба арқылы сағынышын жеткізді.
«Миша, ұлым. Егер сен мені көріп, не естіп отырсаң, өтінемін, үйге қайтшы. Біз сені жақсы көреміз және күтеміз. Сен бізге керексің. Сенсіз қиын», - дейді анасы бейнежазба арқылы.
Айта кетейік, Қостанай қаласында 12 ақпанда үйінен шығып кеткен 15 жастағы Михаил Сохань іздестіріліп жатыр.