Жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағын іздестіру шараларына қатысып отырған Алматы облысының құтқарушылары эхолоттың көмегімен Алакөлді тексереді

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағын іздестіру шаралары жалғасуда.

ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі басқаратын іздестіру және құтқару бойынша үйлестіру орталығы қызмет жасайды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің жанында жедел штаб жұмыс істеуде. Сондай-ақ жедел құтқару топтары құрылды, олар ағымдағы жылдың 24 қарашасынан бері басқа құрылымдармен бірігіп жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруде.

3 тікұшақ жергілікті мекенді тексеріп, бақылауда. Ырғайты ауданының таулы мекені, Жоңғар Алатауы шығыс жотасының батысынан Алакөл ауданының Қабанбай кентіне дейін, Жоңғар жотасының солтүстік-батыс учаскесінен Қабанбай ауылына дейінгі тау шатқалы, Достық стансасынан Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына дейінгі учаске, Шығыс Қазақстан облысы Алтын-Емел маңындағы таулы мекен, Алакөл және Жалаңашкөл көлдері арасындағы учаске, сондай-ақ ШҚО Алтын-Емел тау учаскесі бақылауға алынды.

Алматы облысы бойынша ТЖД суда құтқару қызметі эхолоттың көмегімен 2 қайықпен Ақшы ауылынан 50 метр қашықтықтағы Алакөл көлінің батыс жағалауының оңтүстік бөлігіне дейінгі аралықты тексеруде.