Бұдан бұрын Сааев жоғалып кетіпті деген хабар тарап кеткен-ді. Сотталған айыпкердің әйелі тергеу амалдарын ұйымдастыру үшін оны Мәскеуден Шешенстанға алып кетті, деп мәлімдеп еді.
Сәуірдің 9-ында Мәскеудің Кузьмин аудандық соты Сааевты екі жылға бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіпті колонияда жазасын өтеуге және 35 мың рубль айып төлеуге үкім шығарған. Дағыстан тұрғыны компьютерлік ақпаратты заңсыз пайдаланғаны және залалды бағдарламалар құрып, қолданғаны және таратқаны үшін айыпты деп танылды.