«А.Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді», - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Бұған дейін істі апелляциялық тәртіпте қараған әскери соттың үкімімен Арман Жұман 7 жылға сотталған еді.
2023 жылы Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда кішкентай Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтаған еді.